Коронавирус • 22 Шілде, 2021

Қауіпті індеттен құтылудың жолы – вакцина алу

267 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 10 587 жағдайы тіркеліп отыр. Алайда қабылданған шаралардың нәтижесінде 9 631 азамат сауығып шықса, өкінішке қарай, 85 өлім оқиғасы орын алған.

Қауіпті індеттен  құтылудың жолы –  вакцина алу

Облыстық денсаулық сақтау басқар­масының мәліметінше, ағымдағы жағ­дай бойынша аймақтағы ауруханаларда 2 075 инфекциялық төсектік орын қоры, оның ішінде 202 реанимациялық төсектік орын қоры, оған қоса 170 төсек­тік орынға арналған карантиндік стацио­нарлар жұмыс атқаруда. Өңірдегі эпиде­миялық жағдайға байланысты коронавируспен ауыра­тын науқастарды ем­деу үшін қосымша резерв ретінде 2 685 инфекциялық, оның ішінде 299 реани­ма­циялық төсектік орын қоры ашылып, жұмылдырылады.

«Жалпы, облыс бойынша 23 алғаш­қы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында 43 егу пункттері бар. Олардың ішінде 15 пункт Тараз қала­сында және 28 пункт аудандарда орна­ласқан. Облыс бойынша 18 жастан жоғары 582 мың адам коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауға жатады деп жоспарланған болса, қазіргі таңда 255 мың 151 тұлға екпе алған», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Сондай-ақ осы жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа 5 мың адамға арналған 10 мың доза QazCovid-in отандық вакцинасы, 231 мың 700 доза Спутник V вакцинасының 1-компоненті және 173 мың 425 доза 2-компоненті, 30 мың адамға арналған 60 мың доза Hayat Vax вакцинасы мен 17 мың адамға 34 мың доза CoronaVac вакцинасы жеткізілген. Жалпы алғанда, өңірде 4 995 тұлға отандық, 203 мың 645 тұлға Спутник V, 29 мың 911 тұлға Hayat Vax вакцинасымен және 16 мың 598 тұлға CoronaVac вакцинасын салдырған. Оның ішінде медицина, білім беру, арнайы күш қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер және басқа да тұлғалар бар. Тұрғындарға вакцина егуден кейінгі асқынулар тіркелмеген. Қазіргі кезде карантиндік стационарларға 22 тұлға орналастырылған. Дегенмен қазіргі уақытта Жамбыл өңірінде қауіпті індет жұқтыру дерегінің артқаны байқалады. Алайда бұл мәселелер бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде. «Облыста 159 мобильдік топ жұмылдырылды. Тәулік бойы шақырту болды. Мәселен, өткен тәулікпен салыстырғанда жедел жәрдем шақырту саны артты. Бүгінде өңірде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Мамандар бойынша да әзірше мәселе жоқ», дейді Ә.Қалиев.

 

Жамбыл облысы