Аймақтар • 22 Шілде, 2021

Қостанай облысында сібір жарасы тіркелді

1950 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

12 шілдеде Қостанай облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті Денисов ауданында үш адамның сібір жарасын жұқтырып, Қостанайдағы инфекциялық ауруханаға түскенін хабарлаған. Департамент мамандарының айтуынша, науқастарға қауіпті індет малдан жұққан.

Қостанай облысында сібір жарасы тіркелді

Келесі күні облыстық ветери­нария басқармасы Денисов ауда­нындағы Свердлов ауыл­дық ок­ругіне қарасты При­реч­ный ауы­лындағы мал бордақы­лау­мен айналысатын «Алтай» се­рік­тестігіне тиесілі ірі қаралар­дан сібір жарасының қоздырғышы табылғанын мәлімдеді. Іргелі шаруашылықтың 20 шақты малы қырылып қалған соң, 30 мау­­сымда ветеринарлар ПТР әді­сі­мен диагностикалық зерт­теу жүргізген. Облыстық сани­тар­лық-эпидемиялық бақылау де­пар­таментіне қарасты аса қауіпті инфекциялар бөлімінің бастығы Людмила Налобинаның сөзін­ше, індет ошағына дер кезінде аурудың таралуын бол­дырмау ша­ралары жасалып, өлек­селерді арнайы инсине­ра­торларға апарып өртеу, малдар­ды қамайтын орындар мен өлек­селер жатқан жерлерді за­рар­сыздандыру жұ­мыс­та­ры жүргізілген. Облыс ор­та­­лы­ғындағы инфекциялық ста­­цио­нарға түскен үш адам сібір жа­­расын осы шаралардың ішін­де жүріп жұқтырып алуы да мүмкін.

– Науқастар қазір арнайы ем алып жатыр. Бұл адамдар При­­речный ауылындағы жауап­кер­шілігі шектеулі серіктес­ті­гін­де жұмыс істеген. Олар сі­бір жарасын мал бағып жүріп немесе мал сойып, оны мүше­леп жатқанда жұқтыруы мүм­­кін. Эпидемиологтер мен ве­те­­ринар дәрігерлер сібір жа­­ра­­сының қоздырғышын анық­­тап, індет ошағында эпи­де­­мия мен эпизоотияға қар­сы про­филактикалық іс-шара­лар­ды жүр­гізіп жатыр. Індет шар­пы­ған аумақта болған адам­дар анық­талды, олардың бәрі бак­терия­ға қарсы профилактикалық ем алып жатыр. Одан кейін оларға сібір жарасына қарсы вакцина егіледі. Бұдан өзге індет ошағы анықталған жоқ. Әдетте қауіпті індет сібір жарасынан қырылған мал көмілген жерлерден жұға­ды. Өкінішке қарай, мал бағуға ты­йым салынғанына қарамастан, тұрғындар мұндай жерлерді жа­йылымға айналдырып алатын жағдайлар жиі кездеседі. Алайда бұл ферманың маңайында ескі сібір жарасының көмінділері жоқ. Сондықтан індеттің таралуына күннің аптап ыстығы себеп болуы әбден мүмкін, – деді Л.Налобина.

Ветеринар мамандардың болжамынша, жыртқыш аң-құстар мен дала кеміргіштері сібір жарасы бациласының спораларын басқа жақтан әкелуі әбден мүмкін.

Қазір «Алтай» серіктестігінің меншігіндегі төрт малқора мен оның маңайы толық зарарсыздандырылып, қораның қабырғалары мен шарбақтарын, малға жем­шөп беретін ақырларды ақтау жұмыстары аяқталды. Мұның сыртында, індет ошағындағы қо­ралардың барлығы, мал жайылатын алаңдар мен жазғы мал тұрақтары, сондай-ақ мал қы­рылған орындар екі рет зар­ар-­
­сыздандырылған.

Облыстық ветеринария бас­қармасының ресми мәліметі бо­йынша, Денисов ауданының бас­қа елді мекендерінде, жал­пы Қостанай облысында эпизо­о­тиялық жағдай тұрақты. 12 шіл­­деден кейін індет ошағының ма­­­ңайында мал өлімі тіркелген жоқ. Қазір індет ошағы ка­ран­тинге жабылды. Вакцина егіл­ген малдың бәрі ветеринар ма­ман­дардың бақылауында. Індет толық жойылып, қорытынды зарарсыздандыру жүргізілгеннен кейін 15 күн өткен соң карантин алынады.

 

Қостанай облысы