Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол» атты акцияның екінші кезеңінде 200 мың теңгенің сертификаты ойнатылды. Акцияны облыстық «Азаматтық Альянс» ЗТБ ұйымдастырды. Оған 10 шілде сағат 8:00-ден 20 шілде сағат 23:59-ға дейін вакцинаның І немесе ІІ компонентін алған 34 301 адам қатысты.
«Ақшалай ұтыстың жеңімпаздарын анықтау тікелей эфирде тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өтті. Оған тәуелсіз бақылаушы ретінде «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев, «Атырау – Адалдық алаңы» өңірлік кеңсесінің менеджері Мирас Қабдолов, «Қоғамдық келісім» қалалық филиалының өкілі Рафик Сарсенов пен журналист Эльмира Тұңғатарова шықырылды», деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Акцияның екінші кезеңінің нәтижесінде кездейсоқ сандарды таңдау арқылы 10 адамға 200 мың теңгенің сертификаты берілді.