Аймақтар • 22 Шілде, 2021

Шымкент вокзалында жасөспірім қызды ток соқты

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқыс оқиға Шымкентте 21 шілде сағат 23.00 шамасында темір жол өткеліндегі көпір үстінде орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол Анарова көшесінің бойында темір жол вокзалының жанында орналасқан.

«Көпірдің үстінде темір тор тартылған. Себебі жоғарыда - жоғары вольтты сымдар бар. Куәгерлердің айтуынша, 15-16 жастағы қыз өткел көпірдің үстіндегі темір торға шыға бастаған сәтте жасөспірімді ток соққан», деп жазады Otyrar.kz.

Лл

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды, олар жарақат алған жасөспірімді темір тордан алып шықты. Қыздың денесі мен киімдері қатты күйіп қалды. Оның тамырына бірден дәрі тамызғыш қойылды. Зардап шегушіні зембілге салып, көпірден жедел жәрдем көлігіне дейін өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер қаумалап көтеріп жеткізді. Денесін қатты күйік шалған қыз ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жасөспірімнің туыстары да болды.