Видео • 22 Шілде, 2021

Ақтаудағы жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді

581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 21 шілде күні сағат 19:30 шамасында Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының «Мираж-5» экипажы қызметкерлері берілген маршрутты патрульдеу кезінде «Шығыс-2» шағын ауданында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасын байқады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтаудағы жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді

Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі басты қозғалыс бағытында қозғалып келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Сонымен қатар, Hyundai Accent автокөлігі Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысты. Екі көлік құралымен соқтығысу салдарынан Hyundai Accent көлігі аударылды.

Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.