Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды.
«Ұлық мейрамда қайырымдылық шарасын жандандыра түсу мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобы Құрбан айттың екінші күні республика бойынша 32 896 мұқтаж отбасыға құрбандық етін жеткізді. Еліміз бойынша www.qurban2021.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді», делінген ҚМДБ хабарламасында.
Айттың екінші күні qurban2021.kz сайты арқылы құрбан шалуға 2 724 тапсырыс келіп түскен және республика көлемінде 4246 қой, 219 ешкі, 523 сиыр және 6 түйе сойылды.