Спорт • 22 Шілде, 2021

Токио-2020: Қазақстандық таеквондошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасындағы Қазақстандық таеквондошылар Жансель Дениз бен Руслан Жапаровтың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Токио-2020: Қазақстандық таеквондошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Екі спортшы да жарысты 27 шілдеде бастайды.

67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жансель Дениз өзбекстандық Светлана Осиповамен күреске шығады. Ал 80 келіден жоғары салмақта Руслан Жапаров германиялық Александр Бахманмен жүлдеге таласатын болады.