Спорт • 23 Шілде, 2021

Хорватияда доп теуіп жүр

476 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нәби Қайырды 2007 жылдың 27 сәуірінде дүниеге келген. Кішкен­тайынан спортқа жаны жақын, әсіресе футбол десе ішкен асын жерге қоятын Нәби 6 жасында футбол секциясына барды.

Хорватияда доп теуіп жүр

Нақты айтқанда, бал­дыр­­ғанды атасы, жазушы-журна­лист Қайырды Назырбаев ас­танадағы №8 балалар мен жас­өспірімдер спорт мек­тебінің футбол сек­ция­сына жаздырған еді. Ерінбей, жалықпай тала­бы таудай немересін жат­ты­ғуға апарып жүрді. Нә­би­дің әкесі Арман да ба­ла­­сының футболға деген құш­тарлығын байқап, қа­жетті құрал-жабдықтарды, оқулықтарды әперіп тұр­ды.

Нәби Алматы, Шым­кент, Зерендідегі футбол тур­­нирлеріне қатысып, тә­жі­ри­бесін шыңдай түсті. Қар­­сыластар қақпасына бір­неше рет доп соққанда от­басы мүшелері ерекше қуан­­ды.

Арман қызмет бабы­мен 2019 жылы Киев қаласына қоныс аударды. 12 жастағы Нәби қа­рап отыр­­сын ба, бас­тап­қыда ау­ла клубтарын­да бағын сынады. Тәжі­ри­бесі то­лыс­қан талапты өс­пірім «Ди­намо» командасына қабыл­данды. Мұнда не­гізінен 16 жасқа дейінгі балалар доп тебетін.

2019 жылдың жазында Арман Қайырдыұлының отбасы Хорватияға қоныс аударды. Нәби ол жаққа барған соң жергілікті «РНК Сплит» клубына қабылданды. Клуб биылдың өзінде Dalmatinko cup турнирінде ширек фи­налға дейін жетсе, тағы бір тур­нирде екінші орынға ие болды. Бұл жетістікте қазақ­стан­дық жас футболшы, бо­ла­шағынан үміт күттіретін Нәби Қайырдының да мол үлесі бар.

Футболдан Қазақстанның есесі кетіп, еңсеміздің түсіп жүргені көпшілікке белгілі. Нәби сияқты талантты жас­тарды өсе келе ел намысын қор­ғауға шақырсақ, ұта­ры­мыз анық.

– Нәбидің еліне деген ықыласы ерекше. Оның арманы Қазақстанның футбо­лын әлемдік дәрежеге жет­­­кізуге үлес қосу, – дейді біз­­бен әң­гі­­ме­сінде Қайырды На­зырбаев.

 

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

Қазақстанның құрметті спорт қайраткері

 

ӨСКЕМЕН