Спорт • 23 Шілде, 2021

ХОК: Токиодағы бокс бәсекесін әділ әрі ашық өткізуге тырысамыз

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасындағы бокс бәсекесі мейілінше ашық және әділ өтуі тиіс. Бл туралы Халықаралық Олимпида комитеті комиссиясының басшысы Ленни Эбби мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ХОК: Токиодағы бокс бәсекесін әділ әрі ашық өткізуге тырысамыз

«Біз үшін барлығы ашық және әділ болғаны маңызды. Сондықтан, біз көптеген жұмыс атқардық. Барлығы жоғары деңгейде өту үшін қосымша процедуралар өткіздік», деді ол. 

Айта кетелік, 2018 жылдың 30 қарашасында ХОК Олимпиададағы бокс бәсекесін уақытша тоқтатып қойды. Кейін ХОК боксты Олимпиадада қалдыру туралы шешім қабылдады, алайда, АІВА ХОК талаптарын орындамағаны үшін уақытша шеттетілді.