Қазақстан • 23 Шілде, 2021

Келіссөздер әлі де жалғасуда: Серік Сәпиев Олимпиада ойындарын трансляциялау туралы айтты

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Қазақстанда Олимпиада ойындарын трансляциялау туралы келіссөздер жайында айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келіссөздер әлі де жалғасуда: Серік Сәпиев Олимпиада ойындарын трансляциялау туралы айтты

Бұған дейін Серік Сәпиев Олимпиада ойындарын тарату бойынша құқық иеленуші компания Қазақстаннан өте үлкен сома сұрағаны туралы айтқан.

«Көрші республикалар трансляция үшін төлеген соманы білдім, әлдеқайда төмен болды. Мысалы, Қырғызстан ақпараты бойынша, олар бар болғаны 100 мың доллар төлеген. БАҚ-та Өзбекстан 800 мың доллар төлегені туралы ақпаратты көрдім. Бұл бағаларды салыстырамыз. Әрине, Қазақстандағы Олимпиада ойындарының трансляциясы үшін артық төлегіміз келмейді. Сондықтан қазақстандық телеарналарда трансляция болмауы мүмкін деген мәселе туындады», деген еді

Қазақстандық телеарналар олимпиада ойындарын көрсетпеуі мүмкін деген хабардан соң отандастарымыз әлеуметтік желіде наразылықтарын білдіре бастады. Олардың ішінде жоғарыда аталған мәселеге көнбістік танытқандар да болды.

Бірақ Спорт комитетінің басшысы республикалық 7 арнаға берген сұхбатында әлі нақты шешім қабылданбағын жеткізді.

«Қазақстандықтар Олимпиада ойындарын отандық арналардан тікелей эфирде тамашалауы мүмкін. Біз қазір Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жақын аралықта нақты шешімі белгілі болады», деді ол.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарын трансляциялау туралы келіссөздерді «Қазақстан» корпорациясы мен «Хабар» АҚ жүргізген. Бұған дейін тараптар әлі келісімге келе алмағаны хабарланған болатын.

Ал Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстанда 27 спорт түрі бойынша 97 лицензия бар.