Елорда • 23 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтанда «EcoQolday Home» жобасы таныстырылды

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындарына «EcoQolday Home» экологиялық жобасы таныстырылды. Ол макулатура, пластик, шыны және металл қаптама қалдықтарын тапсыру арқылы табыс табуға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz ӨКМ операторы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда «EcoQolday Home» жобасы таныстырылды

«EcoQolday Home» жобасының промо-акциясы «Dream city» және «Есіл» тұрғын үй кешендерінде өттіі. Акцияда тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау жолы көрсетілді.

Тұрғындар пластик бөтелке, металл банка, макулатура мен картонды жылжымалы қабылдау бекетіне тапсыруда белсенділік танытты. Әсіресе бұл шара балалар үшін қызықты болды. Аула аумағында эко-жаттықтырушылар балаларға қалдықтарды бөлек жинау бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды. Көңілді эко-квест, интерактивті ойындар өткізілді, сыйлық үлестірілді. Қоқыстың қоршаған ортаға тигізер зияны түсіндірілді. Шараға қатысушылар 100 кг-нан астам қаптама қалдықтарын жинап, өңдеуге өткізді.

Айта кету керек, ӨКМ Операторы тамыз айынан бастап «EcoQolday HOME» жобасын іске қосады. Пәтер иелері кооперативі, мүлік иелері бірлестігі (КСК/ОСИ) немесе басқа да ұйымдар қайталама шикізатты жинай алады. Жиналған шикізатты мобильді қосымша арқылы оператордың өңірлік серіктестеріне сату қарастырылған. Ал одан түскен ақшаны ауланы абаттандыруға, үйді жөндеу, ауланы жаңғырту мақсатында пайдалануға болады.

«EсoQoldaý» жобасы – Қазақстанда қалдық өңдеу саласын қолдаудың жаңа цифрлық моделі. Жоба іске қосылған уақыттан бері 42 мың тоннадан астам қаптама қалдығы жиналды. Жинаушылар мен өңдеушілерге 1 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Қазіргі уақытта жобаға Қазақстанның барлық өңірінен 465 кәсіпкер қатысады.