TOKYO2020 • 23 Шілде, 2021

Токио-2020: 24 шілде күні қай спортшылар жарыс алаңына шығады?

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 шілде күні отандық спортшылар 6 спорт түрінен бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.

Токио-2020: 24 шілде күні қай спортшылар жарыс алаңына шығады?

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8:00-де:

Веложарыс болады. Оған Дмитрий Груздев, Алексей Луценка, Вадим Пронский қатысады.

Дзюдодан 48 кг бойынша Отгонцецег Галбадрах, 60 килограммда Елдос Сметов татамиге шығады.

Теннис өтеді. Жекелей сынға Александр Бублик, Зарина Диас, Елеа Рыбакина шығады. Сонымен қатар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында өнер көрсетеді.

9:20-да:

Бокстан 52-57 килограммда Серік Теміржанов рингке шығады.

17:35-те:

100 метрлік брасстан жартылай финал алдындағы іріктеу өтеді. Оған еліміздің атынан Дмитрий баландин қатысады. 

18:00-де үстел теннисінен Анастасия Лаврова жарыс алаңына шығады.