Саясат • 24 Шілде, 2021

Еуропалық Одақтың адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілімен келіссөз жүргізілді

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мен Еуропалық Одақтың адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Гилмор мырза Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен бейне-келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстандағы Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуропалық Одақтың адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілімен келіссөз жүргізілді

Кездесуге қатысушылар өзара іс-қимыл және диалог, ақпарат алмасу форматын, оның ішінде «Еуропалық Одақ – Қазақстан» және «Еуропалық Одақ-Орталық Азия» диалогтық тетіктері шеңберінде адами құқықтық өлшемде талқылады.

Келіссөз барысында қос тарап адам құқықтары саласындағы Қазақстан мен Еуропалық Комиссия үшін өзара қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымын талқылады.

Эльвира Әзімова Еймен Гилмор мен оның әріптестеріне азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қорғау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы, оның ішінде Қазақстан Президенті, Парламенті мен Үкіметі іске асыра бастаған және келесі жылы аяқтауды көздеп отырған шаралар пакетін тиімді шешуді талап ететін құқық қорғау тақырыбындағы мәселелер туралы хабардар етті.

Уәкіл Үкімет қабылданған бірінші кезектегі шаралар жоспарымен шектелмеуі тиіс екенін атап өтті. Қазақстанда адам құқықтары мен оларды сақтау мемлекеттік саясаттың негізгі бағытымен айқындалған, осыған байланысты осы бағыттағы жұмыс өзекті болып, кеңінен жариялануға тиіс.

Онлайн кездесу барысында Эльвира Әзімова медицинаны түрме жүйесінен азаматтық Денсаулық сақтау жүйесіне беруге қатысты маңызды шешім туралы хабарлады.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта адам құқықтары саласындағы үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен бірлесіп ілгерілетілетін негізгі мәселелер туралы айтып берді.

Тараптар Э.Әзімованың шілде айының ортасында Брюссельге жасаған алғашқы жұмыс сапарының қорытындылары бойынша, оның ішінде Еуропалық Парламенттің басшылығымен және бейінді құрылымдарының мүшелерімен қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтар бойынша пікір алмасты.