Аймақтар • 24 Шілде, 2021

Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрманғазы ауданының орталығында екі қабатты дүкен өртке оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 16:40-та тұтанған.

«Жалынды сөндіруге 30 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды. Дүкеннің 800 шаршы метр аумағын шарпыған өрт сағат 18:10-да сөндірілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.