TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021

Дмитрий Баландин Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландин жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дмитрий Баландин Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады

ФОТО: Тұрар Қазанғапов/Владисав Семенов

Бесінші топта жарысқан Дмитрий 59,75 секундты көрсетіп, алтыншы орын алды. Ал қорытынды хаттамада Баландин 17-ші сатыға тұрақтады. 

100 метрге брасс әдісімен жүзуден әзірге америкалық Майкл Эндрю үздік нәтиже көрсетті. Екінші орында - англиялық Джеймс Уилби, үшінші орында - германиялық Лукас Матцерат.