TOKYO2020 • 25 Шілде, 2021

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасының екінші күнін Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады

Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Бүгін, жарыстың екінші күнінде ерлер 66 келіге дейінгі, әйелдер 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.

66 келіде Қазақстан сапынан татамиге шыққан Ерлан Серікжанов алғашқы кездесуінде қарсыласын жеңді. Әзірбайжандық Орхан Сафаровпен белдескен ол қосымша уақытта «вазари» ұпайын еншіледі.

Ерлан Серікжановтың келесі қарсыласы әлем чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Мануэль Ломбардо болады.