Аймақтар • 25 Шілде, 2021

Ақмолада 100 мыңнан астам адам әкім сайлауына қатысты

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы ауыл әкімдері сайлауының өту барысы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолада 100 мыңнан астам адам әкім сайлауына қатысты

«Сағат 10:00-дегі Ақмола облысы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, дауыс берушілердің 9 пайызы өз таңдауын жасады. Облыс бойынша 100111 сайлаушы бар, ал алынған бюллетеньдердің саны 8826», деді Ақмола облысы сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде өткен баспасөз мәслихатында.

Дәрігер мамандар сайлау кезінде санитарлық талаптардың сақталып жатқандығын айтты.

«Барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар қатаң сақталған. Оның ішінде арақашықтықты сақтау, маска тағу және антисептик қолдану керектігі. Сайлау комиссиясы мүшелерінің 100 пайызы вакцинаның алғашқы дозасын алған. Олардың арасында 71 пайызы екпені толықтай алған. Комиссияның қалған мүшелері ПТР тестінің оң нәтижесі арқылы жұмыс істеп жатыр», деді облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Аталған өңірдегі сайлау комиссиясының сағат 10:00-дегі ақмолалықтардың дауыс беру қарқыны:

Көкшетау қаласы 3%

Степногорск қаласы 6 %

Ақкөл ауданы 13%

Аршалы ауданы 5%

Астрахан ауданы 22%

Атбасар ауданы 13%

Біржан сал ауданы 19%

Бұланды ауданы 8%

Бурабай ауданы 7%

Егіндікөл ауданы 24%

Ерейментау ауданы 7%

Есіл ауданы 11%

Жақсы ауданы 7%

Жарқайың ауданы 9%

Зеренді ауданы 9%

Қорғалжын ауданы 8%

Сандықтау ауданы 19%

Шортанды ауданы 10%