Экономика • 25 Шілде, 2021

Қазақстанда криптовалютаға арналған банк шотын ашуға болады

551 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Енді Қазақстанның банктерінде криптовалютаға арналған шоттарын ашуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда криптовалютаға арналған банк шотын ашуға болады

Блокчейн және дата-орталықтар индустриясы қауымдастығы цифрлық активтермен жасалатын операциялар қазақстандықтар үшін қолжетімді болатынын хабарлады. «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында тіркелген криптобиржалар жақын арада банктермен жұмыс істей бастайды.

Қазақстандықтар АХҚО-ның екінші деңгейлі банктермен пилоттық жобасын іске қосқаннан кейін криптовалютамен ресми әрі ашық жұмыс істей алады. Бұл қандай қаржы институттары болатыны әлі белгісіз. Олардың тізімі анықталатын болады. Осы жобаның көмегімен үкімет цифрлық активтердің қандай тәуекелдер мен пайда әкелетінін бағалай алады. Әзірге олардың біздің елде айналымына тыйым салынған.

Айта кетсек, АХҚО-ның банктермен жобасы бір жылға есептелген. Ол аяқталғаннан кейін нарық қатысушылары криптовалютаға қатысты тыйым аз категориялық болады деп күтеді, тіпті жоғалуы да мүмкін. Үкіметтің криптовалютаға қадам басуына бірнеше себеп бар, деп есептейді Қазақстандағы блокчейн және дата-орталықтар Индустриясы Қауымдастығының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі аға үйлестірушісі Сергей Путра.

«Крипто айналымы - бұл айтарлықтай үлкен қаржы көлемі. Бұл бүкіл әлем бойынша миллиардтаған доллардың күнделікті айналымы. Егер Қазақстан пайыздың қандай да бір үлесін алса, бұл елімізге инвестиция түрінде келетін, салық түрінде, жұмыс орындарында жалақы түрінде қалатын елеулі ақша. Бұл Қазақстан әлі күнге дейін айналып өтіп келе жатқан өте үлкен индустриясы», деді Путра.

Криптобиржамен айналысу үшін сіз «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген банктердің бірінде заңды шоттың иесі болу керек. Осы шоттан кәсіпкер ақша аудара алады, биржада түрлі операциялар жасай алады. Сондай-ақ, инвестор алынған кірісті қарапайым ақша түрінде өз шотына аударуға мүмкіндік алады. Бұл жағдайда банк транзакциялар бойынша делдал ретінде әрекет етеді.