Ақтөбе облысындағы сайлау процесі заңнамаға сәйкес өтті. Жексенбі күні ауылдық округтерде өткен дауыс беру процесін 500-ге жуық байқаушы мұқият қадағалады. Сайлау учаскелерінде халықтың жоғары белсенділігі байқалды. Сондай-ақ сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Бірінші кезекте ол азаматтардың қауіпсіздігіне бағытталған. Барлық сайлау учаскесі санитарлық қорғау шараларымен жабдықталған.
Еліміз халқының 40%-дан астамы ауылдық жерлерде тұратынын ескерсек, бұл алдағы саяси дамуға ерекше серпін беретін және жергілікті өзін өзі басқаруды дамытуға басқан қарышты қадам деп есептейміз. Оның үстіне, ауыл тұрғындарының сұраныстары мен қажеттіліктері қала тұрғындарының қажеттіліктерінен өзгеше. Сондықтан да ел ішінде ауыл мәселесін біліп қана қоймай, оларды шешу жолдарын білетін әкімдерді тұрғындардың өздері таңдап алуы дұрыс деп санаймын.
Ерәділ ҮББІНИЯЗОВ,
«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы
Ақтөбе облысы