ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК
Қазақстандық теннисші екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездесіп, екі сетке созылған матчта жерлесіміз 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. Бұған дейін Зарина Диас, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын.