Аймақтар • 26 Шілде, 2021

Ақтауда есірткі сатумен айналысқан әйел ұсталды

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда мефедрон сатқан әйел ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда есірткі сатумен айналысқан әйел ұсталды

Фото Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақтауда жедел-іздестіру шаралары барысында полиция есірткі сату фактісі бойынша Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 50 граммды құрады.

Ұсталған адамға қатысты тергеу органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша (есірткі заттарды аса ірі көлемде заңсыз алу, тасымалдау және сату мақсатында сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Әйел 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.