TOKYO2020 • 26 Шілде, 2021

Герасименко Олимпиадамен қош айтысты

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Олимпиада ойындарында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Герасименко Олимпиадамен қош айтысты

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Герасименко Токиодағы екінші кездесуде германиялық Тим Боллмен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жектің алғашқы партиясын Кирилл жеңіспен аяқтаған. Алайда, кейінгі үш партияда неміс спортшысының шеберлігі басым болды.

Нәтижесінде, кездесу 1:4 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.