Қазақстан • 26 Шілде, 2021

Рейтинг: Мемлекеттік органдардың қызмет көрсету сапасы анықталды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг ұйымдастырды. Сауалнаманы Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Рейтинг: Мемлекеттік органдардың қызмет көрсету сапасы анықталды

Сауалнамаға елдің барлық өңірінен, оның ішінде 260-тан астам елді мекендер мен өзге ел тұрғындарын қоса алғанда 9 мың респондент қатысты. 

Нәтижесінде орталық мемлекеттік органдар арасында бірінші орынға Ұлттық экономика министрлігі шықты - 4,87 балл және қанағаттану деңгейі 88,1%.

Екінші және үшінші орында Қорғаныс министрлігі (4,86 немесе 88,7%) мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (4,86 немесе 85%).

Рейтингтің аутсайдерлері қатарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бар.

Жергілікті атқарушы органдар арасында бірінші орынды Ақмола облысы (4,73 балла немесе 80,3%) алды. Екінші және үшінші орында Павлодар (4,71 немесе 78,4%) және Шығыс Қазақстан (4,68 немесе 77,2%) облыстары. 

Өңірлер рейтингінің аутсайдерлері: Шымкент,  Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Мониторинг барысында респонденттер кері байланыстың әлсіздігіне, қызметтердің ашық қолжетімділігіне көңілі толмайтынын білдірді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жекелеген процестерін автоматтандыру, ақпараттық жүйелерді «электрондық үкімет» порталымен интеграциялау бойынша ұсыныстар келіп түсті.

Бүгін мүдделі мемлекеттік органдарға 2020 жылы өткізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері жолданды, осының негізінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг есебінде көрсетілген ұсынымдарды орындау бойынша шаралар қабылданатын болады. Өз кезегінде қоғамдық мониторинг ұсынымдарын орындау Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тұрақты бақылауында.