Тәуелсіздік • 27 Шілде, 2021

Жанашырлық жасау жолдары қарастырылды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Көкшетауда Birgemiz республикалық волонтерлер фронт-офисінің өкілдері облыстың волонтерлік корпусымен кездесті.

Жанашырлық жасау жолдары қарастырылды

Іс-шараға Birgemiz рес­­­публикалық волон­терлер фронт-офисінің басшысы Татьяна Ми­ронюк, фронт-офис­­тің сарапшысы Олжас Әб­ду­хамитов және өңір­дегі во­лон­­терлік ұйым­дар­дың бел­сенділері, жастар ре­сурстық ор­талықтарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында қаты­сушылар волонтерліктің жол кар­тасын жүзеге асыру, волон­терлік қызметті қолдау стандар­тын әзір­леу мәселелерін тал­қы­лады. Еріктілердің ерен істе­рін дамытудың жаңа қырлары іздестірілді. Бұл тарапта кездесуге қатысу­шылар өздерінің оралымды ойларын бөлісіп, пайымды пікір білдірді.

Татьяна Миронюк атап өт­кендей, бүгінде Қазақстанда 600-ге жуық волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Жыл сайын елі­мізде белсенді азаматтық ұс­танымын көрсетуге және мұқ­таж адамдарға көмектесуге ниет білдірген еріктілер саны кө­бейіп келеді. Ақмола өңірінде де жаман індет шыққалы атым­тай жомарттардың елге қайы­рымдылық жасаған көмектері аз емес. Оның барлығы қысылған жанға көп-көрім демеу болса, жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жастарға өміршең өнеге, әдемі үлгі. Бүгінгі күні мыңдаған еріктілердің басын құрайтын 90 ұйым жұмыс істеуде. Ел иығына түскен жүкті осы еріктілер көтерісіп отырғандығын айта кетсек, артық болмас.

Кездесу соңында Birgemiz респуб­ликалық волонтерлер фронт-офисінің өкіл­дері жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері үшін жанашырлық жасаудағы жаңалықтың жайын ұқтыратын мәселелерді бүге-шігесіне дейін талқылады.

 

Ақмола облысы