Қазақстан • 27 Шілде, 2021

Елге оралған Елдос Сметовке көлік сыйлады

2155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленген дзюдошы Елдос Сметов бүгін таңғы 4:20-да Алматыға ұшып келді. Әуежайда спортшыға су жаңа автокөлік сыйға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елге оралған Елдос Сметовке көлік сыйлады

Күтіп алушылардың арасында спортшының тұңғыш бапкері де болды. Шәкіртінің жетістігіне қуанған жаттықтырушы Елдос Сметовты қарсы алған сәтінде көз жасына ерік берді.

«Нағыз чемпион осы кісі. Менің алғашқы жаттықтырушым. Мені спортта өзінің кішкентай баласындай алақанында ұстап өсірген бапкерім», деді Елдос Сметов.

Әуежайда екі дүркін олимпиада жүлдегерінің құрметіне орай шашу шашылып, тіпті су жаңа автокөліктің кілті сыйға тартылды.

«Олимпиада өте керемет өтті. Залдың бос болғаны біз үшін ыңғайсыз болды. Ең қиын болған белдесу ол – ақтық сайысқа жолдама берілетін финалдық белдесулер. Осылай бұйырып тұр екен. Осының өзіне қуаныштымын. Менің елім, жерім, халқым «үшінші орынды» бірінші орын ретінде қабылдап, мені олимпиада чемпионы ретінде күтіп алды», деді Елдос Сметов.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20