Аймақтар • 27 Шілде, 2021

Атырауда коронавирус жұқтырған 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдайы нашарлаған 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда коронавирус жұқтырған 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өңірдегі 2 922 орындық инфекциялық стационарларда 1 325 науқас емделіп жатыр.

«Инфекциялық стационарлардағы жүктеме 45,3%-ды құрап отыр. Ал, 114 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 78 науқас оқшауланған. Оның ішінде 10 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазір мұндағы жүктеме 68,4%-ға жетті», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.