Коронавирус • 27 Шілде, 2021

Словакия QazVaс-ты мойындай ма?

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан елшісі Словакия Республикасының сыртқы және еуропалық істер министрлігіндегі кездесу барысында екі елдің вакцинациялау сертификаттары мен паспорттарын өзара мойындауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz елшілік сайтына сілтеме жасап.

Словакия QazVaс-ты мойындай ма?

Братиславада дипломаттар сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және іскерлік пен туристік мақсаттар үшін азаматтардың өзара сапарларын қайта бастауға өзара қызығушылықты талқылады. Осыған байланысты вакцинация сертификаттары мен төлқұжаттарын өзара мойындауға қол жеткізу мәселесі көтерілді.

Мемлекеттік хатшы Мартин Клунс Словакияға кіретін шетелдіктер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хаттамаларына сәйкес вакцинациялануы керек деп атап өтті.

Қазақстанның Словакиядағы Елшісі өз кезегінде қазақстандық QazVac вакцинасы, сондай-ақ коронавируспен күрес барысы және вакцинациялау барысы туралы хабардар етті. Словакияда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы немесе еуропалық дәрілік заттар агенттігі бекіткен вакциналармен вакцинациялау сертификаттары танылады, осыған байланысты ДДҰ мақұлдағаннан кейін Словакияның QazVac вакцинасын мойындауына ешқандай кедергі болмайды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Астықтан – азыққа дейін...

Өндіріс • Бүгін, 08:40

Алғыс арқалаған әкім

Қоғам • Бүгін, 08:38

Интернатта оқып жүр...

Білім • Бүгін, 08:28

Жамбыл бабадан бата алған

Зерде • Бүгін, 08:25