Коронавирус • 27 Шілде, 2021

Қостанай қалалық ауруханасы базасында инфекциялық стационар қайта ашылды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгіннен бастап қалалық аурухана базасында инфекциялық стационардың қайта ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай қалалық ауруханасы базасында инфекциялық стационар қайта ашылды

«Бүгін сағат 14.00-ден бастап Қостанай қалалық ауруханасында шұғыл және жоспарлы пациенттерді қабылдау тоқтатылды. Көмек облыстық ауруханада көрсетілетін болады. Қазіргі уақытта қалалық аурухананың пациенттерін шығару және облыстық ауруханаға ауыстыру жүзеге асырылып жатыр. 28 шілдеден бастап денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен қалалық аурухана базасында 280 төсек орынға арналған инфекциялық стационар, оның ішінде 20 реанимациялық стационар ашылады», деп хабарлады ведомстводан.

Инфекциялық стационардың қайта ашылуы өңірде КВИ жұқтырғандар санының артуына байланысты.

Бұған дейін хабарланғандай, Қостанай облысында тәулігіне екі жүзден астам коронавирусқа шалдыққан адам тіркелген.