Оқиға • 27 Шілде, 2021

«Терезе ашпаңыздар»: Химиялық зауытта жарылыс болды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда Кельнге жақын Леверкузендегі Chempark Currenta зауытында қауіпті қалдықтарды өртейтін зауыт жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Солтүстік Рейн-Вестфалия полиция қызметінің туиттердегі жазбасына сілтеме жасап.

«Терезе ашпаңыздар»: Химиялық зауытта жарылыс болды

Фото: DPA, Tim Oelbermann, Bild

Билік «төтенше қауіп» туралы ескерту жасады және жергілікті тұрғындардан есік-терезе ашпауын сұрады. Буршейд пен Лейхлингенті түтін басып кетті. А1, А3, А59 автобандары жабық.

в

 

Зауыттың өрт сөндіру қызметі сол жерде жұмыс істеп жатыр. Шалғай аудандардан келген өрт сөндіру машиналары да көмек көрсетуде.

ы

 

Жарылыс сейсенбі күні таңғы сағат 9: 30-да болған. Оқиғаның неден болғаны белгісіз. Полиция бірнеше құрбан барын айтты.