Аймақтар • 27 Шілде, 2021

Шымкентте 60 жастағы қала тұрғынын қағып, ізін суытқан жүргізуші ұсталды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте 60 жастағы қала тұрғынын қағып, ізін суытқан жүргізуші ұсталды

2021 жылдың 6 шілдесінде Шымкент қаласының әл-Фараби ауданы Қазыбек би көшесінде белгісіз жүргізуші көлікті басқарып келе жатып, 60 жастағы адамды қағып кеткен. Орын алған оқиғаның салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, көз жұмды.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және ҚР ҚК 347-бабымен тіркелді.

26 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Toyota Camry маркалы автокөлігін басқарған Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны анықталып, қамауға алынды.

Көлік айып тұрағына қойылып, іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.