Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші «Мерседес» маркалы автокөлігімен Жібек жолы көшесімен келе жатып, көлікті басқара алмай қалған.
- Салдарынан бетон бағанға соғылып, аударылып кеткен. Бұған қоса, оқиға орнынан қашып кеткен. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі. Жүргізуші іздестірілуде, - деп жазылған хабарламада.