Қазақстан • 28 Шілде, 2021

Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 564 кәсіпорнында 14,4 мың жұмыскердің алдында 3,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 64,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,2 млрд теңге төленді.