Қазақстан • 28 Шілде, 2021

Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

722 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

OTAU TV ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде (49-ыншы арна) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы базасында құрылған MUNARA TV республикалық рухани-ағартушылық телеарнасы ашылды. Бұдан былай ҚМДБ-ның телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

«Енді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады. MUNARA TV халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермен бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейді», делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.

Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламамызда жазылған. Болашақта MUNARA FM рухани-танымдық радиосын ашу жоспарланып отыр.