Қазақстан • 29 Шілде, 2021

29 шілдеге арналған ауа райы болжамы

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

29 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады.

Тек еліміздің солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындары бөліктердің өтуі әсерінен найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұруы күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Павлодар, күндіз Ақмола облыстарында желің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ түсуі мүмкін.

Күндіз Жамбыл облысында аптап ыстық сақталады, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында да қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.