TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021

Токио-2020: Боксшы Әбілхан Аманқұл ширек финалға өтті

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Токио-2020: Боксшы Әбілхан Аманқұл ширек финалға өтті

ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Әбілхан Аманқұл 75 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездесті.

Бірінші раундында өзбек боксшысы басым түссе, екінші раунда Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберді. Қазақ боксшысы үшінші кезеңде де алда болып, келесі айналымға өтті. 

Ширек финалда Әбілхан Аманқұл бразилиялық Эберт Консейса Соузамен кездеседі. Кездесу 1 тамызға жоспарланған.