Қазақстан • 29 Шілде, 2021

Қазгидромет алты облыста дауылды ескерту жариялады

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 30 шілде - 1 тамыз аралығындағы ауа райы болжамына байланысты алты облыста дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қазгидромет алты облыста дауылды ескерту жариялады

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с,  25 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетіп, шаңды дауыл күтіледі. Төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан күші 18 м/с жел соғады. Кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты ыстық,  өте жоғары өрт қауіпі бар.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысында кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде жылдамдығы 18-23 м/с болуы м.мкін. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше