Тағайындау • 29 Шілде, 2021

«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасы тағайындалды

913 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Қашқынбаев өз еркімен қызметтен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасы тағайындалды

«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасы болып Еркін Базарханов тағайындалды. 

Ол еңбек жолын бұрынғы Талдықорған облысында бастаған. Жеке құрылымдарда, мемлекеттік органдарда, соның ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аймақтық бөлімдерінде, ҚР Президенті әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

«Қазтеміртранс» АҚ - ҚР жүк вагоны паркінің ірі операторы. Компания жүк вагондарымен қамтамасыз ету, темір жол көлігін жалға беру, металл жиынтықтарын сақтау және пайдалануға берумен айналысады.