Елорда • 30 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтанда шектеу шараларын бұзған сегіз мекеме жауапқа тартылды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың мониторинг тобы өткен тәулікте 8 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда шектеу шараларын бұзған сегіз мекеме жауапқа тартылды

Фото: қала әкімінің ресми сайты

Есіл ауданында «Chechil Pub» барында, «Чир-Chic», «Veranda» мейрамханаларында жұмыс тәртібі сақталмаған. Сондай-ақ, «Аlanya» караоке-мейрамханасы есігін жауып жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында шектеу шараларын бұзған «K-RIMA» дәмді палау орталығы, «Пей здесь» лаундж-бары анықталды.

Алматы ауданында орналасқан «Еда мира» кафесі, «Пар house», «Parilkino» сауналары белгіленген уақыттан кейін келушілерді қабылдаған.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Жаңа көпірдің игілігі

Экономика • Бүгін, 08:40

Сәби суретінің әсері

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35

Бұйырғаны – жалғыз қола

Спорт • Бүгін, 08:30

Өсімдіктер де естиді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Олжасы мол дода

Спорт • Бүгін, 08:20

Адалдық қарымтасы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15