Қоғам • 30 Шілде, 2021

Ақмола облысында қаржы пирамидасы анықталды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола полицейлері қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен Целиноград ауданының 28 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz

Ақмола облысында қаржы пирамидасы анықталды

Күдікті WhatsApp-та «Өзара көмек кассасы» («Касса взаимопомощи») чатын құрып, 2019 жылдың тамызынан 2021 жылдың сәуіріне дейін Ақмола облысы мен еліміздің басқа аймақтарының тұрғындарынан ақша жинаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Пирамида схемасынан зардап шеккендер Ақмола облысының Полиция департаментіне  немесе 102 номеріне хабарласа алады», деп жазады Polisia.kz.