Оқиға • 30 Шілде, 2021

Павлодар ауданында бір отар қойды ұрлаған адам ұсталды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар ауданында бір отар қойды ұрлаған адам ұсталды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аудандық полиция бөліміне шаруа қожалығының басшысы жүгініп, белгісіз біреуШақат ауылы маңындағы дала алқабынан өзіне тиесілі 107 бас қой ұрлағанын айтқан. Иесіне келтірілген залал 8 000 000 теңгеден астам соманы құрайды.

- Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Шарбақты ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қойларды бақылаусыз бағып отырған сәтті пайдаланып, еркін жайылымнан 107 бас ұрлады деген күдікке алынды, - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров. 

Полиция мал иелерінің ұқыпсыз қарым-қатынасы көбінесе қайғылы салдарға әкелетінін айтады. Өйткені мал көбінесе қаскүнемдердің қылмыстық әрекетінің объектісіне айналып, жол-көлік оқиғаларына себеп болады.