Коронавирус • 30 Шілде, 2021

QazVac-тың жаңа партиясы елордаға жеткізілді

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына отандық вакцинаның 10 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

QazVac-тың жаңа партиясы елордаға жеткізілді

Отандық вакцинаның бірінші компоненттің 5 мың дозасы мен екінші компоненттің 5 мың дозасы қалалық емханалар мен оларға бекітілген СОО, СҮ, отбасылық денсаулық орталықтары арасында бөлінген.

Сондай-ақ, QazVac-ты «Медикер Астана», «Медикер педиатрия», «Отбасылық дәрігерлер клиникасы» мен UMC корпоративтік қорында алуға болады.

«Жергілікті вакцина ұзақ уақыт бойы болған жоқ. Азаматтардың бір бөлігі бұл вакцинаның жеткізілуін күтті, ал қазір ол бар. Айта кетейік, барлық вакциналар денсаулық сақтау министрлігінің «СК-Фармациямен» бірге берген тапсырысы мен кестесіне сәйкес таратылады. 10 мың доза тізім бойынша вакцинациялау пункттеріне таратылды. Бүгін-ертең мамандар оларды егу пункттеріне апаруы керек», деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.