Аймақтар • 30 Шілде, 2021

Жыл басынан бері Түркістан облысында 262 есірткі қылмысының дерегі анықталды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері есірткіге байланысты 260-тан астам қылмыс дерегін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Түркістан облысында 262 есірткі қылмысының дерегі анықталды

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша, 2021 жылдың басынан бері полицейлер есірткіге байланысты 262 фактіні, оның ішінде 138 қылмысты және 124 есірткі таратуды анықтады. Оның ішінде есірткі сатудың - 42, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың - 12, контрабанданың - 20, есірткі құралдарын насихаттау және жарнамалаудың - 2, есірткі егудің - 60, психотроптық заттардың заңсыз айналымының - 2 фактісі тіркелді.

Атқарылған жұмыс барысында 5 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде, 5 тонна 85 кг. марихуана, 526 гр. гашиша, 68 гр. героин және 18 грамнан жоғары синтетикалық есірткі тәркіленген.

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері атап өткендей, есірткінің таралуына қарсы күрес жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп, есірткісіз қоғамды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.