TOKYO2020 • 31 Шілде, 2021

Су добынан Қазақстан құрамасы Олимпиадада Черногориядан жеңілді

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су добынан Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасы ойындарында Черногория құрамасына қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Су добынан Қазақстан құрамасы Олимпиадада Черногориядан жеңілді

Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Екеуара кездесу 19:12 есебімен Черногрия құрамасының еншісіне шешілді. 

Қазақстан сапынан Евгений Медведев (2), Алексей Шмидер (2), Мұрат Шәкенов (2), Сржан Вуксанович (2), Михаил Рудай (3) және Алтай Алтаев көзге түсті. 

Черногория - Қазақстан 19:12 (5-3, 11-6, 14-9).

Айта кетерлігі, су добынан Қазақстан құрамасы осыған дейін Хорватия (7:23), Сербия (5:19) және Испании (16:4) құрамаларына жол берді.