TOKYO2020 • 31 Шілде, 2021

Елена Рыбакина: Келесі жарыстарда қуантамын деп үміттенемін

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола жүлдесі үшін өткен матчта жеңіліп қалғаннан кейін пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Елена Рыбакина: Келесі жарыстарда қуантамын деп үміттенемін

Фото Сали Сабиров, Olympic.kz

«Күрделі матч болды. Кездесу алдында мен өзімді жайсыз сезіндім. Кішкене сырқаттанып қалғандай күйде болдым. Мені алға жетелеген жанкүйерлердің қолдауы болды. Бір апта бойы отандастарымның үлкен қолдауын сезіндім. Тіпті алдыңғы ойында жеңіліп қалғаныма қарамастан бұл жолы да кортқа жақсы дайындықпен шықтым. Барынша тырысып бақтым... Сәтсіз нәтижеге қарамастан ерекше атмосферада, мол тәжірибе жинадым деп санаймын. Әрине, көрермендерсіз ойын өткізу біртүрлі көрінеді екен. Бәрі мұнымен біткен жоқ. Алдағы жарыстарда жақсы нәтиже көрсетемін деп ойлаймын», дейді теннисші.

Айта кетейік, Елена Рыбакина кіші финалда әлемнің 6-шы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнаған болатын.