Кешен бір күнде үш ауысымда 100-ге тарта балаларға жаттығуға мүмкіндік береді. Бұл осымен Бокс Федерациясы ашқан қаладағы үшінші бокс үйірмесі. Спорттық нысан Керей, Жәнібек хандар мен Мұғалжар көшелерінің қиылысында орналасқан.
Бұл жерде ешқандай шектеу жоқ. Қазір көріп отырсыздар Қояндының балалары кеп, осы жерде жаттығу жасап жатыр. Қояндыдан осы жерге келіп, өздерінің жаттығу жұмыстарын жүргізіп жүр. Сондықтан да мынау қала бұл жерге жақын, қалаға қолайлы, - дейді Бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбеков.