Спорт • 31 Шілде, 2021

Токио-2020: Грек-рим күресінен қазақстандық балуандардың қарсыластары белгілі болды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 тамыз күні Олимпиада ойындарында күрес түрлерінен бәсекелер басталады. Жарыстың алғашқы күнінде Токио бозкілеміне грек-рим мен әйелдер күресінің шеберлері шығады, деп жазадыEgemen.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Токио-2020: Грек-рим күресінен қазақстандық балуандардың қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары анықталды.

Алғашқы жарыс күні 60 келіде ел сапынан Мейрамбек Айнағұлов (грек-рим күресі) пен 76 келіде Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі) күреседі.

Мейрамбек Айнағұлов пен Эльмира Сыздықованың алғашқы белдесуi Қырғызстан балуандарына қарсы өтеді. Мейрамбек тәжірибелі Жоламан Шаршенбековпен кездессе, Эльмира Айперi Медетқызымен кiм мықтыны анықтайды.

Жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:00-де басталады.