Экология • 01 Тамыз, 2021

Атырауда каналдағы балық неден қырылған?

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Исатай ауданындағы Нарын каналында балық қырылып, 197 келі өлексе жиналған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда каналдағы балық неден қырылған?

Балық шаруашылығы комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Нарын суландыру-суару каналы «АтырауСушар» РМК-нің балансында тұр. Ұзындығы – 177,8 км, ені – 40 метр болатын каналдың Жанбай ауылдық округінен Ақбас учаскесіне дейінгі аралығынан жиналған 228 келі өлі балық санитарлық нормаларға сәйкес жойылған.

«Су сынамаларын талдау нәтижелері бойынша аммоний азотының, хлоридтердің, темірдің, қалқыма заттардың және құрғақ қалдықтың шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШЖК) асып кеткені анықталды. Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бастамасымен «АтырауСушар» РМК-ға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастыруда», деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.