Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Әбілхан Аманқұлдың жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков шәкіртінің жеңілісінен соң шағын сұхбат беріп, жанкүйерлерден кешірім сұрады.

«Ақталғым келмейді. Жанкүйерлерден басымды иіп кешірім сұраймын. Үмітті ақтай алмадық. Әбілханға бүгін психологиялық тұрғыдан қиын болды. Өйткені бұрыннан иығында жарақаты бар. Бірнеше рет ота жасаттық. Соңғы отадан кейін бір жарым жыл үзіліс алу керек еді. Бірақ біз Олимпиада уақыты жақындап қалған соң, айтарлықтай күтім жасамадық. Сол жарақат Токио төрінде тағы да сыр берді. Одан қалса, өзбекстандық боксшымен өткен жекпе-жектен соң сол жұдырығын жарақаттап алды. Қолы да ауырып тұр. Оң иығы мен сол қолындағы жарақаты оның кеңінен көсілуіне мүмкіндік бермеді. Жеңілістің себебі осы. Оның үстіне, қарсылас та осал емес. Ол да өте сауатты қорғана білді, жақсы жекпе-жек өткізді. Енді Әбілхан біраз демалады. Ол кәсіби боксқа барса да, алдынан осы жарақат шығады. Сондықтан, толық емделуі керек. Биылғы Қазақстан біріншілігіне де қатыспайды», деді бапкер.
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Оразаның басталуымен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 10:40
Ташкентте және он облыста жер сілкінді
Әлем • Бүгін, 10:28
Бүгін қазақстандық 6 боксшы әлем чемпионатында бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 10:17
Қоғам • Бүгін, 09:45
Президент қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 09:31
Ұқсас жаңалықтар