Коронавирус • 02 Тамыз, 2021

Әлем халқының 60% вакцина алуы керек – ДДСҰ

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілдері «Известия» газетіне жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем халқының 60% вакцина алуы керек – ДДСҰ

Фото: ИЗВЕСТИЯ/Дмитрий Коротаев

ДДСҰ стратегиясы бойынша 2021 жылдың қыркүйегіне қарай әлем халқының кемінде 10%-ы вакцинаны алады, желтоқсанға дейін - 40%, ал 2022 жылдың ортасына қарай 60% екпе алуы керек. 

Бұл мақсатқа жету үшін алдағы төрт айда төмен және орташа табысы бар елдердің тағы 250 миллион тұрғыны вакцинациялануы тиіс. Авторлардың айтуынша, медицина қызметкерлері мен жоғары қауіпті топтағы адамдар бірінші орында.

Бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша шамамен 3 миллиард доза вакцина таратылғанымен, COVAX тарату механизмінен тек 90 миллион доза өткен. Бұл механизмді кемінде 60 ел қолданады, бірақ аталған елдерде вакцинация деңгейі 3%-дан аз. Сондықтан әлемдік қауымдастық әлемдік, аймақтық және ұлттық деңгейде стратегия қабылдауы тиіс. 

«Вакцинация процесін қаржыландыру 50 миллиард долларға өсті, бірақ бұл экономикалық шығындардың жанында ештеңе емес», деп жазады авторлар.