Қоғам • 02 Тамыз, 2021

Атырауда есірткі сатқан Өзбекстан азаматы ұсталды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Атырауда есірткі сатқан Өзбекстан азаматы ұсталды

Фото: Polisia.kz

32 жастағы Өзбекстан азаматы Тараздан Атырауға келіп, есірткі сатумен айналысқан. Құқық бұзушыны Атырау облысы Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Карасора-2021» операциясы кезінде анықтады.

Полиция күдіктіні есірткі жасырып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде қалтасынан ерекше иісі бар 29 орама, үйінен тағы осындай 40 орама тәркіледі. Жалпы салмағы 19,7531 грамм есірткі заттары сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Кейін анықталғанындай, бұл Меф есірткісі болып шықты.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексі 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті тергеу изоляторына жіберілді.